АҚШ-та қамауда отырған Мадуро алғаш рет жақтастарына мәлімдеме жасады
Венесуэла президенті әлеуметтік желі арқылы алғаш рет көпшілікке үндеу жолдады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та қамауда отырған Венесуэла президенті Николас Мадуро алғаш рет жұрт алдына үн қатып, мәлімдеме жасады.
АҚШ-та қамауда отырған Венесуэла басшысы Николас Мадуро ұзақ үзілістен кейін алғаш рет байланысқа шығып, әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады. Үндеу X платформасында жарияланып, оның жақтастары арасында тез тарады.
Жазба Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің атынан жарияланған. Онда олар өздеріне жолданған хаттар мен қолдау сөздерін алып отырғанын айтып, бұл олардың рухын нығайтып, сабыр сақтауға көмектесіп жатқанын жеткізген.
«Біз сіздердің хабарламаларыңыз бен дұғаларыңызды алдық. Әрбір қолдау сөзі бізге күш береді. Біз сабырлымыз және берікпіз», – делінген үндеуде.
Сонымен қатар Мадуро бейбітшілікке, ұлттық бірлікке және диалогқа шақырды. Ол Венесуэла қоғамы өзара түсіністік пен құрмет жолына түсуі тиіс екенін атап өтіп, әлемнің әр түкпіріндегі қолдаушыларға алғыс білдірді.
Бұған дейін Венесуэла президентінің Бруклиндегі тергеу изоляторында қатаң оқшау жағдайда отырғаны хабарланған. Кей деректерге сәйкес, оның камерасы шағын, ал өзі түнгі уақытта испан тілінде айқайлап, өзін ұрлап кеткенін айтып, отбасына хабар жеткізуді сұрайды деген мәлімет тараған.
Материал авторы