739

«Не көрмедім...»: Белгілі актриса Дариға Бадықова күтпеген шешім қабылдады

Ол жеке өміріне қатысты ойларын ашық айтып, эмоциясын жасырмады.

«Не көрмедім...»: Белгілі актриса Дариға Бадықова күтпеген шешім қабылдады
instagram.com/dariga_badykova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова «Таптым ау сені-3» жобасының жалғасы түсірілмейтінін мәлімдеді. Өнер иесі көрерменмен ашық сөйлесіп, жеке ойларын да бөлісті.

Танымал кинопродюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа мәлімдеме жасады. Ол «Таптым ау сені-3» фильмінен кейін жобаның келесі бөлімдері түсірілмейтінін ресми түрде хабарлады.

Актрисаның айтуынша, шығармашылық топ фильмді дәл осы тұста аяқтауды жөн көрген.

«Таптым ау сені-3» фильмі осыдан кейін түсірілмейді деп шештік. Қимаймын сені… Соңғы бөлімді әдемі аяқтағымыз келді. Киноға барыңыздар! Біз жаман кино түсірмейміз ғой», – деп жазды Дариға Бадықова.

Ол көрерменді демалыс күндерін жақсы көңіл күймен өткізуге шақырып, фильмнің өмірге жақын екенін атап өтті.

Сонымен қатар актриса жеке өміріне қатысты астарлы ойларымен бөлісті.

«Айтатын жаңалық көп. Бір күні бәрі айтылар. Не көрмедім десем… Шынымды айтамын деп сырымды айтып қойыппын. Айтсам да, жұрт жаны ашымауы мүмкін. Пысықтардың да жүрегі бар. Бірақ мен өзімді құрбан ретінде көрсеткенді ұнатпаймын. Маған аянышпен қарағанды қаламаймын», – деді ол.

Бадықова кино арқылы өмірдегі шынайы оқиғаларды көрсетуді мақсат ететінін айтты. Оның пікірінше, отбасы тақырыбы – қоғамдағы ең өзекті әрі әр адамға жақын мәселе.

«Мен киноның желісі өмірдегідей болғанын қалаймын. Мұндай жағдайлар әр отбасында бар. Өмірге жақын дүние көрсету – басты мақсатым», – деп түйіндеді актриса. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор