Астана мен Семейде 200 млн теңге жымқырған алаяқ ерлі-зайыпты ақыры ұсталды
Сенімге кіріп, миллиондарды сыпырып кеткендер қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыны Жамбыл облысының аумағында ұстады. Күдіктілер – 40 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйел.
Тергеу мәліметінше, олар Астана мен Семей қалаларының тұрғындарын түрлі сылтаумен алдап, сенімдеріне кіріп, қомақты қаражатты иемденген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 200 млн теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің ұзақ уақыт бойы таныстарының үйінде жасырынып жүргені анықталды. Олар Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде бой тасалап келген.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Материал авторы