Атырауда жол апатынан екі нәресте қайтыс болды (ВИДЕО)
Бір нәресте оқиға орнында, екіншісі ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 наурыз күні Атырау облысы Доссор кентінде болған қайғылы жол апатында екі нәресте өмірден озды. Бұл туралы Atyrau Oil парақшасы жазды.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, апатқа отбасымен келе жатқан жеңіл көлік пен минивэн қатысқан. Апат салдарынан бір нәресте оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Оқиғаға қатысты Toyota Estima және Opel көліктері соқтығысқан. Полиция жол апаты фактісі бойынша кешенді тергеу шараларын жүргізуде, барлық мән-жай анықталуда. Қылмыстық тергеудің мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды, деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Материал авторы