296

Талдықорған орталығында ер адамды пышақтап, өлтіріп кетті (ВИДЕО)

Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан қашқанымен, көп ұзамай ұсталды.

Талдықорған орталығында ер адамды пышақтап, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
instagram.com/krisp.tdk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған қаласының орталығында ер адам өлтірілген оқиға қоғам назарын аударды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кең тарады. Кадрларда жедел қызмет көліктері мен қоршауға алынған көше көрінеді.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 30 наурыз күні кешкі уақытта бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында жәбірленушіге пышақ жарақаты салынып, ол алған жарақатынан көз жұмған.

Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол қысқа уақытта анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалдың себептері мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор