ҰҚК 118 қаруды тәркілеп, заңсыз айналымға соққы берді
2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары заңсыз қару айналымына қарсы бірнеше операция өткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылдың басынан бері Қазақстан өңірлерінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен және прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымына қарсы бірқатар арнайы операция жүргізді.
Ресми мәліметке сәйкес, осы шаралар барысында барлығы 118 қару тәркіленген. Олардың ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 аңшы мылтығы, 29 тапанша бар. Сонымен қатар 15 граната мен 859 оқ-дәрі алынған.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған деректер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Материал авторы