Ұлттық қордан 64 миллиард теңге мақсатсыз жұмсалғаны анықталды
Құқық қорғау органдары қылмыстық істерді тіркеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2023-2024 жылдары Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың игерілуіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша бірқатар қылмыстық іс тіркелді. Жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиісті ұсынымдар жолданды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мәлімдеді.
Тексеру жұмыс тобының ұсыныстары:
Алдын ала пысықтау мен стратегиялық басымдықтарға сәйкестікті бағалау толық жүргізілмеген жобаларға трансферттерді бөлуге жол бермеу;
Ұлттық қор қаражаты түпкілікті алушыға жеткенге дейін оның толық бақылауда болуын қамтамасыз ету;
Мақсатты пайдаланылмаған 64 миллиард теңгені қайтару;
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өткен жылдардағы облигациялық қарыздарды мерзімінен бұрын қайтаруын пысықтау.
Жұмыс тобының пікірінше, аталған шараларды іске асыру қаржылық тәртіпті күшейтіп, Ұлттық қор қаражатының атаулы әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Материал авторы