Жүздеген мигрант Чили-Перу шекарасынан өте алмай тұр

29.04.2023, 18:21
716
Жүздеген мигрант Чили-Перу шекарасынан өте алмай тұр smartnews.kz

Жүздеген адам, басым бөлігі Венесуэла тұрғындары Арика қаласына жақын маңдағы Чили мен Перу арасындағы шекаралық өткізу пунктінде бесінші күн бөгеліп тұр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың сөзінше, мигранттар ары қарай өз елдеріне жету үшін шекарадан өтпекші. Бірақ Перу билігі құжаттары жоқ болғандықтан оларды елге кіргізбей жатыр.

Мигранттар Чилиден баға өсіп, жұмыс табу қиындап, тұруға ыхтиярхат алу мүмкін емес болғандықтан кетіп бара жатқанын айтады.

Екі ел билігі тіркеу пункттерін жасап, шекарадағы мигранттарға уақытша құжат береміз деп уәде берді.

Чили прокуратурасының мәліметі бойынша, биылдың өзінде елге шамамен 10 мың заңсыз мигрант келген.

Қазіргі уақытта ел парламентінде заңсыз иммиграцияны қылмыстық іс деп қарап, бір жарым жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң жобасы талқыланып жатыр.

Перу парламентіне бейсенбі күні мұндай тәртіпбұзушылық үшін 10 жылға дейін түрмеге қамауы мүмкін заң жобасы енгізілді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді