308

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды

Продюсер әйелі мен жаңа туған сәбиінің жағдайы туралы мәлімдеді.

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды
instagram.com/impresario.tv

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Жан Мұқановтың отбасында қуанышты жаңалық — ол сегізінші рет әке атанды.

Өнер иесі сүйінші хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жаңа туған ұлымен түскен суретін бөлісті.

Продюсердің айтуынша, қазіргі таңда жары мен сәбиінің жағдайы жақсы. Ол уақыт өткен сайын ер адамның шынайы күші мансап пен мәртебеде емес, артында қалдыратын ізінде екенін түсінгенін атап өтті.

«Мен сегізінші рет әке болдым. Аллаға шүкір, анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы. Жыл өткен сайын ер адамның шынайы күші мәртебесінде емес, артында қалдыратын ізінде екенін ұғына түсесің. Қош келдің бұл өмірге, ұлым», — деп жазды Жан Мұқанов.

Желі қолданушылары мен әріптестері продюсерді құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. Олардың қатарында «сәби аман болсын», «бауы берік болсын», «дені сау, саналы болып өссін» деген тілектер жиі айтылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор