Ауыл мектептері үшін республикалық олимпиаданың жобасы дайындалуда - министр

29.04.2023, 18:50
552
Ауыл мектептері үшін республикалық олимпиаданың жобасы дайындалуда - министр smartnews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарына барып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Мұнда педагогикалық қоғамдастықпен де кездесу өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ауыл мектептері үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың жобасы дайындалуда. Болашақта ауылдық мектептер қазақстандық білім берудің драйвері болуы тиіс», - деп атап өтті онда Ғани Бейсембаев.

Байқоңыр қаласында барлығы бес мектеп бар, онда 574 педагог жұмыс істейді және 5410 оқушы білім алады.

Қазалы ауданының 600-ге жуық оқушысы мен колледж студенттері ашық диалог алаңында білім беруді дамыту бойынша өз идеяларымен бөлісті. Министрге түлектердің емтихан тапсыруы, ауыл мектептерін дамыту және болашақ педагогтерді қолдау туралы сұрақтар қойды.

Еске салсақ, «Алтын белгі» үміткерлері биылдан бастап емтиханды өз мектептерінде тапсыратын болады. Сонымен қатар, биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға, келесі жылы 100%-ға көтеріледі. Тағы бір жетістік – дуалды оқыту аясында енді колледж студенттерінің практикадан өту кезі еңбек өтіліне есептеледі.

Қазалы ауданының екі колледжінде 900 студент оқиды. 800 мектеп түлегінің 56-сы «Алтын белгі» үміткері.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды