3 жасар баланың өлімінен кейін стоматолог жаңа клиника ашты
Әлеуметтік желіде жаңа клиниканың ашылуы резонанс тудырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жаңа стоматологиялық клиника ашқан Dent Park Ortho клиникасының иесі Надежда Хон бұрынғы клиникасында 3 жасар баланың наркоз кезінде қайтыс болғаны үшін қоғамда резонанс тудырған.
Әлеуметтік желілерде жағдайға байланысты қызу пікірлер тарады: көпшілік трагедиядан кейін жаңа клиника ашылғанына наразы, ал клиниканың парақшаларында пікірлер жабық екені белгілі болды.
Еске салсақ, 2024 жылдың күзінде 3 жасар бала наркоз кезінде көз жұмған. Тергеу деректеріне сүйенсек, баланы емдеуден бұрын толық тексеру жүргізілмеген, ал аса қажетті препараттар критикалық сәтте клиникада болмаған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші