235

Алматыда полицейлер самокатпен патрульдей бастады

Алматыда электросамокаттардың көбеюіне байланысты жаңа патрульдік жүйе енгізілді.

Алматыда полицейлер самокатпен патрульдей бастады
instagram.com/almaty_police_department

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының полиция департаменті қала тұрғындарына жаңа форматтағы патрульдік бақылау енгізілгенін хабарлады. Енді тәртіп сақшылары электросамокатпен де қала көшелерін бақылауға кірісті.

Полицияның мәліметінше, күн жылынғалы бері қалада электросамокат пайдаланушылар саны күрт артқан. Осыған байланысты мобильді самокат-патрульдер іске қосылып, олардың құрамына учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция қызметкерлері енгізілген.

Патрульдердің негізгі назары мектеп маңдары мен оған іргелес көшелерге бағытталған. Бір күннің өзінде самокат пайдалану ережесін бұзудың 70 дерегі анықталған. Оның ішінде 10 жағдайда самокатты кәмелетке толмағандар басқарған.

Сондай-ақ, кикшеринг компанияларымен бірлесіп, ереже бұзған 7 қолданушының аккаунты бұғатталған. Бұдан бөлек, балаларын бақылаусыз қалдырғаны үшін үш ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев ата-аналарға балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырды. Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың электросамокат басқаруына жол беруге болмайды, өйткені бұл олардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Материал авторы