268

Павлодарда кәсіпорында жұмысшы 15 метр биіктіктен құлап кетті

Әйел бірнеше сүйегін сындырып, ауыр халде жатыр.

Павлодарда кәсіпорында жұмысшы 15 метр биіктіктен құлап кетті
ростовагропромстрой.рус

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда өндіріс орнында кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды.

Оқиға 30 наурызға қараған түні қаладағы кәсіпорындардың бірінде болған.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен әйелдің аяқтары, жамбасы, қабырғалары мен жамбас сүйегі сынған, сондай-ақ бас миы зақымданған. Қазіргі уақытта ол қалалық бірінші аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Науқас есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дәрігерлер оған уақытша фиксация құрылғысын орнату бойынша операция жасаған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті анықтап жатыр. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор