610

«Қайрат лайық»: Нұртас Айдарбеков «Халық әртісі» атағын беру тәртібіне күмән келтірді

Нұртас Айдарбеков ұлына атақ сұрап ешқашан билікке жүгінбегенін айтты.

«Қайрат лайық»: Нұртас Айдарбеков «Халық әртісі» атағын беру тәртібіне күмән келтірді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлына «Халық әртісі» атағын беру мәселесіне қатысты ойын айтты. Ол бұл туралы TalkLike YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, олардың отбасы ешқашан атақ сұрап, билікке жүгінбеген. Ол ұлының өнер жолындағы еңбегін атап өтіп, бұл атақ уақытқа емес, нақты еңбекке қарай берілуі тиіс екенін жеткізді.

«Қайраттың Қазақстанда қойған концерті 500-ден асып кетті. Бұдан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолияда да өнер көрсетіп жүр. Осындай еңбекті ескерсе, оған атақ берілетін уақыт келген шығар. Халық әртісі болу үшін міндетті түрде 40 жыл сахнада жүру керек пе? Еңбегіне қарай бағалануы тиіс деп ойлаймын», — деді ол.

Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан атақ берілмесе де, ешқандай өкпе жоқ екенін атап өтті.

«Біз ешкімнің алдына барып, сұраған емеспіз. Берілмесе де реніш жоқ. Халық өз бағасын беріп қойған», — деді ол.

Сұхбат барысында Нұртас Айдарбеков ұлының мемлекеттік қызметке баруы екіталай екенін де айтты.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор