249

Футболдан әлем чемпионаты финалының бағасы аспандап кетті

Ең өтімді санаттағы билеттер бастапқы болжамнан әлдеқайда қымбатқа сатылып жатыр.

Футболдан әлем чемпионаты финалының бағасы аспандап кетті
Martin Meissner/AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты финалына билеттердің құны бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріліп, 11 мың долларға дейін жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы турнирмен салыстырғанда шамамен жеті есеге жоғары.

Бағаның күрт өсуі ең алдымен сұраныстың артуымен және динамикалық баға белгілеу жүйесімен түсіндіріліп отыр. Алайда мұндай қымбатшылық жанкүйерлер арасында айтарлықтай наразылық тудырды.

Алдағы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында 2026 жылдың жазында өтеді. Сарапшылардың айтуынша, әсіресе финалдық ойынға арналған ең өтімді билеттер бастапқы болжамнан әлдеқайда қымбаттап кеткен.

Материал авторы