SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім зорлық әрекетінің салдарынан жүкті болып, бір ай бұрын босанған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге қызды күштеп көлікке отырғызып, пәтерге апарған. Сол жерде оны заңсыз ұстап, таң атқанша зорлық жасағаны айтылып отыр.
Сонымен қатар, жәбірленушіге күдіктінің туыстары тарапынан да, тергеу барысындағы қысым болуы мүмкін екені жөнінде мәліметтер тараған.
Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті қамауға алынған.
Ведомство өкілдері тергеу жан-жақты әрі объективті жүргізілетінін мәлімдеді.
RUS