Өскеменнің бұрынғы әкімі сотталды

03.04.2026, 12:13
258
Өскеменнің бұрынғы әкімі сотталды gov.kz

Сот Жақсылық Омарды алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп таныды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болады.

Сот оны алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыстық іс оның Өскемен қаласының әкімі әрі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған кезеңіне қатысты.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы бір эпизодта 2021 жылы шыққан, құны шамамен 13 млн теңге болатын Toyota Camry автокөлігін материалдық көмек ретінде рәсімдеп алған. Кейін бұл көлік үшінші тұлғаның атына аударылып, басқа көлікке айырбасталған.

Тағы бір жағдайда ол әкімдік қызметкерінен 20 млн теңге талап еткен. Қызметкер бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлағаннан кейін барлық әрекеттер бақылауға алынған. Нәтижесінде делдал арқылы берілген 6 млн теңгенің 5,6 млн теңгесі ұсталу сәтінде тәркіленген.

Іс жеделдетілген тәртіппен қаралып, сот үкімі шығарылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды