Ақтөбе мен Хромтауда қылмыстық топтар шахтерлерден ақша талап еткен

03.04.2026, 14:14
271
Ақтөбе мен Хромтауда қылмыстық топтар шахтерлерден ақша талап еткен бейнежазбадан

Полиция барлық күдіктілерді бір мезгілде ұстап, 20 тінту жүргізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, наурыз айында Ақтөбе және Хромтау қалаларында екі қылмыстық топтың жұмыс істеп, шахтерлерден заңсыз ақша талап еткен фактілері анықталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық топ мүшелері шахтерлерді қорқытып, күш қолдану арқылы ақша талап еткен. Жәбірленушілер қауіптеніп, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Полиция күдіктілердің толық құрамын анықтап, сенімді дәлелдер жинаған соң, барлық қатысушыларды бір мезгілде ұстаған.

«20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Ақтөбеде де ұқсас қылмыстық әрекеттер тоқтатылды. Онда қылмыскерлер ойын-сауық орындарының қауіпсіздік қызметіне қысым көрсетіп, ақша талап еткен және заңсыз қорғаншылық ұсынған. Барлық қатысушылар ұсталтып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», – деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі таңда ұсталғандар басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Барлық фактілер бойынша бопсалау ісі қозғалды. Сонымен қатар, заңсыз тұтқындау және еркінен айыру деректері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды ведомство.

ІІМ атап өткендей, азаматтардан түскен сигналдар қылмыстық топтарды бейтараптандыруға, ауыр салдардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды