Алматы қаласында танымал Louis Vuitton және Nesquik тауар белгілерін заңсыз пайдалану деректері анықталды. Контрафакт өнімдер нарықтан алынып, іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мәліметінше, тексеру барысында Nesquik брендіне ұқсас таңбаларды заңсыз қолдану фактісі тіркелген. Қала аумағында түпнұсқаға ұқсастырылған өнімдер еркін сатылған.
Нәтижесінде заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам өнім тәркіленіп, олардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асқаны анықталды.
Сонымен қатар жоспардан тыс тексеріс кезінде Louis Vuitton брендіне қатысты да заңбұзушылықтар әшкереленді. Сараптама көрсеткендей, сатылған тауарлардың сапасы төмен болған және олар заң талаптарын бұза отырып өткізілген.
Жалпы алғанда, жүздеген контрафакт өнім айналымнан алынды.
Аталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.
RUS