Риддерде жылыту маусымы келесі айға дейін созылатын болды
Риддер қаласындағы жылыту маусымы сәуір айында аяқталмайтын болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Риддерде өткен жылдың күзінде басталған жылыту маусымы сәуірдің 29-ында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты шегеріліп отыр.
«Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады. Сондықтан жылыту маусымы әзірге аяқталмайды. Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін», - деп хабарлады жылу электр орталығынан.