274

Қытай 5 сәуірде Қазақстанмен шекараны «жабады»

5 сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі автокөлік өткізу бекеттері толықтай уақытша жабылады.

Қытай 5 сәуірде Қазақстанмен шекараны «жабады»
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытай 5 сәуір күні Қазақстанмен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл күні екі ел арасындағы бірқатар жол өткелдері жұмысын тоқтатады.

Шектеу Қытайдағы Цинмин мерекесіне — марқұмдарды еске алу күніне байланысты енгізіліп отыр. Бұл туралы Ресей кеден қызметінің Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 сәуірде Абай облысындағы «Бақты», Шығыс Қазақстандағы «Майқапшағай», Жетісу облысындағы «Достық» пен «Нұр Жолы», сондай-ақ Алматы облысындағы «Көлжат» автокөлік өткізу бекеттері жабық болады.

Алайда теміржол қатынасы тоқтамайды. Жетісу облысындағы «Достық» және «Алтынкөл» теміржол бекеттері әдеттегі тәртіпте, тәулік бойы жұмысын жалғастыра береді.

Уақытша шектеулер тек Қазақстанмен шектелмейді. 5 сәуірде Ресей мен Қытай шекарасындағы Уссурий кеденіне қарасты «Краскино» автокөлік өткізу бекеті де адамдарды, жүк пен көліктерді өткізуді тоқтатады.

Мамандар Қытайға сапар жоспарлаған туристерге, жүк тасымалдаушыларға және жалпы шекарадан өтуді көздеген азаматтарға осы уақытша шектеулерді ескеріп, бағыттарын алдын ала түзетуді ұсынады.

Материал авторы