250

Қарағандыда түнгі жол апаты: Үш көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Қарағанды қаласында түнгі уақытта болған ірі жол апатына бірден үш көлік қатысып, бірнеше адам жарақат алды.

Қарағандыда түнгі жол апаты: Үш көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда түн ортасында болған жол апаты бес адамның жарақат алуына әкелді. Оқиға «Голубые пруды» маңында тіркелген.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні, шамамен сағат 00:00-де болған. Үш көлік — Chevrolet Cobalt, BMW және Lada Priora соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның хабарлауынша, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімдігі маңында автобус жол апатына түскені хабарланған еді.

Материал авторы