«Немерелерім орысша сөйлейді»: Қайрат Нұртастың әкесі тіл саясатына қатысты ұсыныс жасады

Азиз Қалижан Редактор
05.04.2026, 18:45
637
«Немерелерім орысша сөйлейді»: Қайрат Нұртастың әкесі тіл саясатына қатысты ұсыныс жасады бейнежазбадан

Нұртас Айдарбеков немерелері орысша сөйлейтінін айтып сынның астында қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер, әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков тіл мәселесіне қатысты ашық пікір білдіріп, қоғамдағы ахуалды сынға алды.

Аман Тасығанға берген сұхбатында ол немерелерінің күнделікті өмірде орысша сөйлейтінін жасырмады. Айтуынша, өзі қасында болғанда балалар қазақша сөйлеуге тырысады, бірақ орта өзгерген сәтте қайтадан орыс тіліне көшеді.

«Мен барғанда немерелерім қазақша сөйлеуге ұмтылады. Білмесе де, барынша қазақша жауап беруге тырысады. Бірақ мен кеткен соң қайтадан орысша сөйлейді. Себебі аулада қазақша сөйлейтін орта жоқ. Егер орысша білмесе, басқа балалармен араласа алмайды», – деді ол.

Айдарбеков бұл құбылыстың басты себебі отбасы ішіндегі тілдік орта екенін атап өтті. Оның сөзінше, ата-аналар мен келіндерінің өзі көбіне орысша сөйлейтіндіктен, бала да сол тілді таңдайды.

Сұхбат барысында ол мәселені шешудің жолын да ұсынды. Оның пікірінше, тіл саясаты заңмен күшейтілмейінше, жағдай өзгермейді. Бұл ретте ол бұрын көлігіндегі қара әйнекті заң талаптарына сай алып тастауға мәжбүр болғанын мысалға келтіріп, дәл осындай қатаң талап тілге де қажет екенін айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды