Қазақстанда су тасқыны қаупі күшейді: өзендер қауіпті деңгейге жақындады

06.04.2026, 09:03
178
Қазақстанда су тасқыны қаупі күшейді: өзендер қауіпті деңгейге жақындады gov.kz

Ауа температурасының күрт көтерілуі өзендердегі мұздың қозғалысын жеделдетіп, су тасқыны қаупін арттырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде көктемгі жылыну мен жауын-шашынның күшеюі өзендердегі су деңгейін күрт көтеріп, гидрологиялық ахуалды күрделендірді. Қазгидромет таратқан жедел ескертулерге сәйкес, алдағы күндері бірқатар облыстарда су тасқыны қаупі айқын сезіледі.

Ақмола облысында жағдай ерекше бақылауда. Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде су деңгейі небәрі төрт сағат ішінде 86 сантиметрге көтерілген. Қазіргі көрсеткіш қауіпті межеге жақындап қалды. Дәл осындай үрдіс Боксук өзенінде де тіркелді — су деңгейі қысқа уақыт ішінде 72 сантиметрге өсті. Мамандар мұны жоғары ағыстан келіп жатқан еріген қар суымен және бүйірлік ағындардың қосылуымен түсіндіреді.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. 6–8 сәуір аралығында ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты өзендер мұздан толық босап, мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде су деңгейінің одан әрі көтерілуіне әкеліп, елді мекендер мен жолдарды су басу қаупін күшейтеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында да жағдай ұқсас. Таулы аймақтарда жауын-шашынның көбеюі беткейлік ағындарды күшейтіп, өзендердің тасуына әсер етпек. Кей өңірлерде қардың қарқынды еруі мен жауын-шашынның қатар жүруі қауіпті гидрологиялық құбылыстардың туындауына себеп болуы ықтимал.

Сонымен қатар, 6 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан және бірқатар өзге облыстарда найзағай, бұршақ, қатты жел мен дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Бірқатар өңірде тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.

Оңтүстік және батыс аймақтарда шаңды дауыл қаупі де бар. Ал Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Әсіресе өзен жағалауында орналасқан елді мекендерде су деңгейінің өзгерісін жіті бақылау қажет. Қауіпті межеден асқан жағдайда тұрғын үйлерді, шаруашылық нысандарын және жергілікті жолдарды су басу қаупі жоғары.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды