Ақмола облысында бөгет жарылып, тасқын су жолды кесіп өтті

06.04.2026, 09:24
187
Ақмола облысында бөгет жарылып, тасқын су жолды кесіп өтті @qazavtojol

Шоптыкөл бөгетінің бұзылуы тасқын судың елді мекен аумағына таралуына себеп болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында гидротехникалық нысанның бұзылуы тіркелді. Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылы маңындағы Шоптыкөл бөгеті бұзылып, су айналасындағы аумақтарға жайылған.

Тасқын су «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автожолының 75-шақырым тұсын кесіп өткен. Алайда су жолдың жүру бөлігіне жетпеген, қозғалысқа қауіп төнген жоқ.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жағдай бақылауға алынып, жедел әрекет ету шаралары іске қосылған. Оқиға орнына 14 бірлік арнайы техника мен 30-дан астам маман жұмылдырылды. Қазір инертті материалдарды дайындау және жеткізу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Маңыздысы — аталған аумақтағы үш көзді су өткізу құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл судың кедергісіз өтуіне мүмкіндік беріп, жол инфрақұрылымын сақтап қалуға сеп болған.

Қазіргі уақытта жол жамылғысы зақымданбаған. Көлік қозғалысы шектелмеген және қалыпты режимде жалғасуда.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды