543

Атыраудағы Binom мектебі жанында 7 жасар бала көз жұмды

Оқиға таңертең, оқушылар мектепке ағылған уақытта болған.

Атыраудағы Binom мектебі жанында 7 жасар бала көз жұмды
azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда мектеп маңында болған жол-көлік оқиғасы қайғылы аяқталды. Бұл туралы АқЖайық басылымы жазды.

6 сәуір күні таңертең Нұрсая шағынауданында орналасқан Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің жанында жеңіл көлік жеті жасар қызды қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ауыр жарақат алып, жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмған.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор