«Тозақта өмір сүресіңдер, ақымақтар!»: Трамп Иранға қатаң ескерту жасап, балағаттады

06.04.2026, 11:07
305
«Тозақта өмір сүресіңдер, ақымақтар!»: Трамп Иранға қатаң ескерту жасап, балағаттады AP Photo / Alex Brandon, Getty Images

Трамп Иранның Ормуз бұғазын ашпағаны үшін ашулы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайды ушықтырды. Ол Тегеран билігін бұғазды 7 сәуір кешіне дейін ашпаса, ауыр салдарға тап болатынын ескертті.

Трамп өз мәлімдемесінде өткір әрі ашық тіл қолданды. Оның сөзінше, бұғаз жабық күйінде қалса, Иран «ауыр жауапқа» ұшырайды. Бұған дейін белгіленген мерзім 6 сәуір кеші болған, кейін ол тағы 20 сағатқа ұзартылған.

«Бұл қарғыс атқан бұғазды ашыңдар, естеріңнен адасқан ақымақтар, әйтпесе тозақта өмір сүресіңдер – көресіңдер әлі», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Осы мәлімдемелер аясында 6 сәуір күні таңертең Тегеранда жарылыстар тіркелді. Иранның мемлекеттік БАҚ-ы астананың оңтүстігіндегі тұрғын үйге жасалған соққы салдарынан кемінде 13 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Иран Парсы шығанағындағы елдердің энергетикалық инфрақұрылымына соққыларын кеңейтті. Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұнай-химия нысандары шабуылға ұшыраған. Дубайдағы Жебель-Али портында Израильмен байланысты кеме де нысанаға алынғаны айтылды. Кувейт тарапынан дрондар шабуылынан кейін ірі өрттер болып, елеулі материалдық шығын келгені расталды.

Аймақтағы шиеленіс мұнай нарығына бірден әсер етті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 доллардан асты.

Соған қарамастан, Трамп кейінірек келіссөз мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, АҚШ пен Иран арасында делдалдар арқылы байланыс орнатылған, келісімге келу ықтималдығы жоғары. Ақпарат көздері тараптардың 45 күндік бітім туралы ұсынысты талқылап жатқанын хабарлайды.

Трамп сондай-ақ Иран аумағында жүргізілген арнайы операция туралы да мәлімдеді. Оның сөзінше, америкалық арнайы жасақ құлатылған F-15 ұшағының экипаж мүшесін эвакуациялап, техниканы қарсы тараптың қолына түспес үшін жойған.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы бес аптадан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Қақтығыс 28 ақпанда басталып, түрлі деректер бойынша мыңдаған адамның өмірін қиған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды