Қорғаныс министрлігінде әскери тәртіп пен тәрбиені күшейту мәселесі талқыланды

06.04.2026, 11:56
137
Қорғаныс министрлігінде әскери тәртіп пен тәрбиені күшейту мәселесі талқыланды gov.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады.

 

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Іс-шараны ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындап, жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, профилактикалық бағытты күшейту және лауазымды тұлғалардың әскери тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Сабақтар барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық күйзелістің алдын алу және дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Проблемалық аспектілер қарастырылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар әскерге шақырылғандармен, жас әскери қызметшілермен және динамикалық бақылау тобында тұрғандармен жұмыстың ерекшеліктері айқындалды.

– Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп – жауынгерлік әзірліктің негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағыт Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір командир мен лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі тәртіп үшін жеке жауапты. Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ және мүлтіксіз сақталуға тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.

Жиын аясында гарнизон бөлімшелері командирлерінің орынбасарларымен кеңес өткізіліп, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен және командалық құраммен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет өткеру жағдайлары, жауынгерлік және кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ жеке құрамды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың басым бағыттары айқындалып, оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, тәрбие жұмысын жауынгерлік даярлық жүйесіне ықпалдастыру, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру сұрақтары ерекше назарға алынды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан