Павлодарда мысықты құтқарамын деген ер адам алты метрден құлап, көз жұмды

06.04.2026, 15:56
252
Павлодарда мысықты құтқарамын деген ер адам алты метрден құлап, көз жұмды riavrn.ru

Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам мысықты түсірмек болып қаза тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда қайғылы оқиға тіркелді. 50 жастағы ер адам ағашқа шығып, мысықты түсірмек болған кезде құлап, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиға 5 сәуір күні Орталық өнеркәсіп аймағында болған. Ер адам шамамен алты метр биіктіктен құлаған. Дәрігерлер оны ауыр жағдайда, көптеген сынықтармен және травматикалық шокпен ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады — ол қалалық бірінші ауруханада қайтыс болды.

Сол күні Павлодарда тағы бір қайғылы жағдай орын алды. Академик Марғұлан көшесі ауданында 50-60 жас шамасындағы әйел биіктіктен құлап, оқиға орнында алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Жедел жәрдем бригадасы небәрі екі минут ішінде жеткенімен, көмектесу мүмкін болмаған.

Полиция мәліметінше, 1955 жылы туған марқұм психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі уақытта оның өліміне байланысты тексеру басталды.

Бұған дейін Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде әйелдің 15 метр биіктіктен құлап кеткені хабарланған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды