Иран АҚШ-ты уран ұрламақ болды деп айыптады

06.04.2026, 16:20
271
Иран АҚШ-ты уран ұрламақ болды деп айыптады Maxar Technologies / Reuters

Иран СІМ өкілі АҚШ-тың екі ұшқышты құтқару миссиясын уранды ұрлауға бағытталғанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи АҚШ-тың құтқару операциясы шын мәнінде уранды алып кетуге бағытталған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бағаидің айтуынша, америкалық ұшқыштарды құтқару миссиясы бүркеніш қана болуы ықтимал. Оның сөзінше, бұл операция Иранның байытылған уранын қолға түсіруге бағытталған әрекет болуы мүмкін, алайда жоспар іске аспаған.

«Бұл әрекет алдамшы маневр ретінде уранды ұрлауға бағытталған болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығаруға болмайды», – деді Иран СІМ өкілі.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың бұл миссиясын 1980 жылы сәуірде Тегеранда кепілге алынғандарды босату үшін жүргізілген «Бүркіт тырнағы» операциясымен салыстырды. Сол кезде америкалық тарап бірнеше әуе техникасынан айырылып, сегіз адам қаза тапқан еді.

Соңғы күндері Иран аумағында америкалық бомбалаушы ұшақтың атып түсірілгені туралы ақпарат тарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ұшқыштардың бірі тұтқынға алынған. Тіпті әскери қызметкерлер үшін сыйақы жарияланғаны да хабарланды. Ал америкалық БАҚ-та олардың бірін құтқару туралы ақпарат шықты.

АҚШ президенті Дональд Трамп екі ұшқыштың құтқарылғанын мәлімдеп, операциялар шығынсыз өткенін айтты.

Ал Иран тарапы бұл миссия барысында АҚШ әскері екі Black Hawk тікұшағы мен С-130 әскери-көлік ұшағынан айырылғанын алға тартты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды