379

Пойыздан жолсерікті итеріп жіберген жолаушы ұсталды (ВИДЕО)

Жанжал жолаушыны темекі шегуге шығарудан бас тартудан туындаған.

Пойыздан жолсерікті итеріп жіберген жолаушы ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Челябинск – Санкт-Петербург бағытындағы пойызда жолсерікті вагоннан итеріп жіберген жолаушы ұсталып, полицияға тапсырылды. Бұл туралы Ресей темір жолдары өкілдері хабарлаған.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның омыртқасы сынғанын растады.

Оқиға Поназырево станциясында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушыны пойыз тоқтаған кезде темекі шегу үшін сыртқа шығарудан бас тарту оның агрессивті әрекетіне себеп болуы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жолсерікті вагоннан итеріп жібергеннен кейін тамбур есігін жауып, ештеңе болмағандай кетіп қалған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор