505

Ыстамбұлдың қақ ортасында Қазақстан азаматын атып кетті (ВИДЕО)

Белгісіз адам көшеде Қазақстан азаматының басына оқ атып, қашып кеткен.

Ыстамбұлдың қақ ортасында Қазақстан азаматын атып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қаза тапты. Ол жеке логистикалық компанияда логист болып жұмыс істеген.

Түркия БАҚ-ның хабарлауынша, оқиға Фатих ауданындағы Балабанаға шағынауданында орын алған. Қылмыс сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Белгісіз бір адам көшеде Исмаиловқа жақындап, басына оқ атқан соң ізінше жоғалған. Түрік басылымдарының кейбір деректері бойынша, Исмаилов оқиға орнында қаза тапса, басқалары оның ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген соң көз жұмғанын хабарлаған.

Кейінірек екі күдікті ұсталғаны белгілі болды. Түрік медиасы жазғандай, олар Эдирне аймағында, шекара сызығы бойынан ұсталған. Ұсталғандар – Грузия азаматтары. Күдіктілерді іздестіру кезінде дрон қолданылған. Сонымен қатар, қылмысқа қатысты көлік жүргізушісіне қатысты жеке тергеу ісі басталған.

Әзірге ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасамады. Оқиға әзірге тергеліп жатыр.

Материал авторы