30 жыл бұрын зорланғанын айтқан қазақ әйелдің мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.04.2026, 22:22
883
30 жыл бұрын зорланғанын айтқан қазақ әйелдің мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Батыс Қазақстанда 30 жыл бұрынғы зорлау дерегі қайта көтерілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының полициясы шамамен 30 жыл бұрын болған ауыр қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеуге әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдеме негіз болған.

Өзін natashakalymbetova деп таныстырған әйел жақында желіде өткен өміріндегі қасіретті жағдайды баяндады. Оның айтуынша, оқиға ол кәмелет жасына енді толған кезеңде, шағын ауылда тұрған кезінде болған.

Жәбірленушінің сөзінше, бірнеше жергілікті тұрғын оның үйіне келіп, ағаларының жоқтығын пайдаланып, анасымен отырған жерінен күштеп алып кеткен. Кейін ауыл шетіндегі қараусыз қалған ғимаратқа апарып, зорлық жасаған. Әйел бұл әрекет бірнеше рет қайталанғанын айтады.

Ол қарсылық білдіріп, құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтқан кезде, күдіктілер оны өзен жағасына апарып тастаған. Жәбірленуші ауыр психологиялық күйзелістен өткенін, сол кезеңде қолдау таппағанын жеткізді.

Уақыт өте келе әйел өмірін қайта құруға тырысқан: басқа елге көшіп, бала тәрбиелеп отыр. Алайда болған жағдай оның жеке өміріне әсер етіп, отбасы құруына кедергі келтіргенін жасырмайды.

Ол бұл оқиғаны жария етуге ұзақ жылдар бойы үнсіз жүргеннен кейін ғана шешім қабылдағанын, басты мақсаты – кінәлілердің жауапқа тартылуы екенін атап өтті. Оның сөзінше, күдіктілер бүгінде еш қиындықсыз өмір сүріп жатыр.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Ведомство мәліметінше, барлық айтылған жайттар тексеріліп жатыр, алайда тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Іс қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының бақылауында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды