SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында Иранға қатысты әскери әрекеттер жөнінде сұраққа жауап беріп, мәлімдемесімен тағы да назар аудартты.
Журналист «Құдай АҚШ-тың Ирандағы соғыс қимылдарын қолдайды деп ойлайсыз ба?» деген сауал қойған сәтте, Трамп сөзді бөліп, өз ұстанымын бірден жеткізді.
«Иә, өйткені Құдай мейірімді. Ол адамдардың қамқорлық көргенін қалайды. Қазір болып жатқан жағдай Құдайға да, маған да ұнамайды», – деді ол.
Сондай-ақ Трамп өзінің бастамаларымен сегіз соғысты тоқтатқанын айтып, мұндай нәтижеге ешкім қол жеткізбегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Нобель сыйлығының лауреаты болған тұлғалардың бірі оған «Сіз бұл марапатқа лайықсыз» деп баға берген. Бұдан бөлек, Пәкістан премьер-министрі оның әрекеттері 30–50 миллион адамның өмірін сақтап қалғанын айтқанын алға тартты.
Осы тақырып аясында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет те мәлімдеме жасап, Пентагонда өткен діни жиында әскери қызметкерлерге рухани қолдау білдірген. Ол өз сөзінде қарсы тарапқа қарсы әрекеттерде табандылық пен күш тіледі.
Алайда бірнеше күннен кейін Рим папасы Лео мұндай ұстанымдарға қарсы пікір білдірді. Пальма жексенбісіндегі месса кезінде понтифик соғысты ақтауға болмайтынын атап өтті.
«Біздің Құдай – бейбітшілік патшасы Иса. Ол соғысты қабылдамайды және оны ақтау үшін пайдалануға болмайды. Қан төгіп жатқан адамдардың дұғасын Құдай қабыл етпейді», – деді Рим папасы.
Сарапшылар бұл мәлімдемелер халықаралық саясаттағы діни риториканың күшеюін көрсететінін айтады.
RUS