SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олжас Сайлаубекұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі боп тағайындалды.
Олжас Сайлаубекұлы 1989 жылы Абай облысы, Көкпекті ауданында туған.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде "журналистика" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан-Семей» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редактор-дикторы болып бастаған. "КТК", "Еуразия бірінші арнасы" секілді республикалық телеарналарда тілші, Президенттік пул журналисі қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Ұлттық статистика бюросының және "Халық санағы-2021" шарасының ресми өкілі, Премьер-министр орынбасарының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
RUS