239

Атырау тағы да тұншықты: қоқыс полигонында өрт шықты

Қоқыс полигонында шыққан өрттің түтіні қаланың әр бөлігінде сезілген.

Атырау тағы да тұншықты: қоқыс полигонында өрт шықты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 7 сәуір күні таңертең қалалық қоқыс полигонында өрт шықты. Қаланың әр бөлігінде күйік иісі сезіліп, тұрғындар тағы да экологиялық жағдайға алаңдаулы.

Алғашқы дабыл таңғы 08:30 шамасында түскен. Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберіліп, өртті сөндіру және ошақты оқшаулау жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ғана Атырау тұрғындары қалада тараған өткір иіске шағымданған еді. Көпшілік оны өндірістік шығарындылармен байланыстырған. Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты күкіртсутек деңгейін асырғаны үшін 540 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалаған болатын.

Қаладағы экологиялық ахуалға қатысты сұрақтар қайтадан күн тәртібіне шықты.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор