Алматыда танымал әншінің ұлы өлі күйінде табылды.
Наурыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 наурызда Алматыдағы үйінен шығып, қайта оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Танымал әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның қайтыс болу себебі әзірге белгісіз», – деп жазды ол.
Баирдың жоғалу фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы іздестіру жұмыстарын жүргізген. 24 наурыз күні шамамен сағат 13:20-да Коперник көшесіндегі үйінен шыққан Баирдан сол күннен бастап хабар болмаған. Оның бойы 180–185 см шамасында, арық денелі, қысқа қара шашты және қоңыр көзді болған. Үстінде қара спорттық киім болған.
Бұл жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті ресми тексеру жүргізіп, іздестіру жұмыстарының кешенді жоспарын іске қосқан. Қазіргі уақытта марқұмның қайтыс болу себептері тергеу барысында анықталып жатыр.
Еске салсақ, 2024 жылғы қазанда Гүлнар Сиқымбаева өмірден өткен еді. Ол «Гүлдер» ансамблінің солисі ретінде танымал болған.
Материал авторы