Алматы маңындағы жол апатында мопед жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)
Жол апатынан 42 жастағы мопед жүргізушісі зардап шегіп, қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыға жақын орналасқан Абай ауылында 5 сәуір күні өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Қарасай ауданы, Абай ауылы, Рысқұлова және Әзербаев көшелерінің қиылысында мопед пен автокөлік соқтығысты. Нәтижесінде 42 жастағы мопед жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 37 жастағы BYD маркалы автокөліктің жүргізушісі негізгі жолдан тыс жолдан шыққанда мопедке жол бермей, соқтығысуға себеп болған.
Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Материал авторы