405

Рамзан Қадыров ғылым саласына қосқан үлесі үшін марапатталды

Шешенстан басшысы Ғылым академиясының алтын медалін алды.

Рамзан Қадыров ғылым саласына қосқан үлесі үшін марапатталды
t.me/RKadyrov_95

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өңірлік Ғылым академиясының шешімімен ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алтын медальмен марапатталды.

Қадыров бұл туралы өзінің Telegram-арнасында мәлімдеп, Шешенстан Ғылым академиясының президенті Джамбулат Умаровпен кездескенін айтты. Кездесу барысында академия басшысы атқарылған жұмыстар туралы кең ауқымды баяндама жасаған. Онда іргелі тарихтан бастап қолданбалы ғылыми зерттеулерге дейінгі бағыттар қамтылған.

Кездесу соңында академия президиумының шешімімен Қадыровқа «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды. Ол бұл марапатты жоғары бағалап, ғылыми зерттеулерге үлес қосқан барлық мамандарға алғыс білдірді.

Материал авторы