Қарағандыда базарда өзін өртеген ер адамға сот үкімі шықты

07.04.2026, 18:52
217
Қарағандыда базарда өзін өртеген ер адамға сот үкімі шықты әлеуметтік желіден

Ер адам қоғамдық орында қауіпті әрекеттер жасады деп айыпталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды қаласында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар соты азамат М.-ға қатысты шешім шығарды.

Оқиға 2026 жылдың 26 наурызында Майқұдықтағы «Горняк» базары маңында болған. Іс материалдарына сәйкес, ер адам қоғамдық орында өзін қоршауға алып, жанармай құйып, қауіпті әрекеттерге барған. Сонымен қатар ол бейәдеп сөздер айтып, азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сот барысында құқық бұзушының кінәсі өз мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен және бейнежазбалармен дәлелденген.

Істі қарау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, жеке тұлғаның деректерін және жеңілдететін мән-жайларды ескерген. Атап айтқанда, оның кінәсін мойындауы, алғаш рет құқық бұзуы және созылмалы ауруының (астма) болуы назарға алынған.

Нәтижесінде ер адамға 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды