342

«Қарсы қойды»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі спортшы туралы бар шындықты айтты

Жақында сотталған Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды.

«Қарсы қойды»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі спортшы туралы бар шындықты айтты
instagram.com/kerey_khan03

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова өткен өмірге қатысты әсерлі жазбасын әлеуметтік желіде жариялады. Ол жазбасында Шавкаттың спорт жолында қандай қиындықтардан өткенін, олардың отбасы мен күнделікті тәртібін ашық баяндаған.

Гүлайымның айтуынша, сол кездері Шавкаттың жалақысы небәрі 120 мың теңге болған. 2017 жылдың қаңтарында спортшы алғаш рет ауыр жарақат алып, Пришахтинсктегі ауруханада МРТ жасатқан. Қарсы қиындықтарға қарамастан, олар табандылық пен шыдамдылық арқылы спорттық белестерге жеткен.

Бұған қоса, Гүлайым олардың күнделікті тәртібін де суреттеген: күнде үш мезгіл жаттығу, үйде қысқа ғана демалыс, таңғы 5-те тұрып дайындық және спортқа толық берілу. UFC-ке шығу – олардың ортақ арманы болған. Тұңғыштары дүниеге келгеннен кейін де спорт, үй және отбасы қатар жүріп, Шавкат өзінің қызы мен спорттық мансабын тең ұстаған.

Гүлайым жазбасында уақыт өте келе кейбір адамдардың оларды бөліп, Шавкатты оған қарсы қоюға тырысқанын да атап өтті. Дегенмен, ол ешқандай өкініш сезбейтінін, өз еңбегін ешкімге таптатпайтынын, ал уақыт келгенде әркім өз іс-әрекетіне жауап беретініне сенетінін жеткізді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор