SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды. Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің продюсері Жан Мұқанов жария етті.
Әнші мен жұбайы Толқын Мырзакимованың отбасында қыз бала дүниеге келген. Нәресте 7 сәуір күні кешкі уақытта туған. Осылайша, өнерлі әулет тағы бір сәбимен толықты.
Желіде сәбиді қолына ұстап тұрған әкенің алғашқы суреті де тарады. Кадрларға қарағанда, Төреғали қызын өмірге келген алғашқы сәттерден бастап құшағына алған. Бұл оның босану кезінде жанында болғанын аңғартады.
Жаңалық жария бола салысымен желі қолданушылары жас отбасын құттықтауға кірісті. Пікір жазғандардың қатарында танымал тұлғалар да бар. Солардың бірі – Жұлдыз Әбдікәрімова дәстүрлі «Бауы берік болсын!» тілегін қалдырған.
RUS