Венгрия Ресеймен құпия келісімге қол қойғаны белгілі болды

08.04.2026, 17:15
257
Венгрия Ресеймен құпия келісімге қол қойғаны белгілі болды REUTERS/Kirill Kudryavtsev/Pool

Құжат алғаш рет жарияланып, ел ішінде саяси пікірталас тудырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Венгрия үкіметі Ресеймен экономикалық, энергетикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған келісімге қол қойғаны белгілі болды. Бұл туралы Politico басылымы Ресей үкіметінің құжаттарына сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, келісім өткен жылдың желтоқсанында Мәскеуде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша бекітілген. Құжатқа Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко қол қойған. Бұған дейін бұл келісімнің мазмұны жария етілмеген.

Құжат 12 тармақтан тұрады және ядролық отын, мұнай-газ, энергетика, білім беру, спорт секілді бірнеше саланы қамтиды. Келісім аясында тараптар санкциялар салдарынан әлсіреген сауда қатынастарын қалпына келтіруді көздейді. Сонымен қатар Ресей компанияларына Венгрияда энергетика және сутегі жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру қарастырылған.

Бұдан бөлек, Венгрия орыс тілін оқытуды күшейту үшін Ресейден мұғалімдер тарту мүмкіндігін қарастыруға келіскен. Академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту, спорт пен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыру да жоспарға енгізілген.

Сонымен қатар құжатта бұл келісім Венгрияның Еуроодақ алдындағы міндеттемелеріне қайшы келмеуі тиіс екені атап өтілген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім ел ішіндегі саяси күресте маңызды құралға айналып отыр. Оппозиция өкілдері билікті Ресеймен тым жақындасты деп айыптаса, үкімет бұл қадамды ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіруде.

Венгрияда 12 сәуірде парламенттік сайлау өтеді. Politico мәліметінше, премьер-министр Виктор Орбан үшін бұл соңғы жылдардағы ең күрделі саяси сынақ болуы мүмкін. Сауалнамаларға сәйкес, оның «Фидес» партиясы оппозициялық «Тиса» партиясынан жеңіліп қалуы ықтимал.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды