675 млн теңге: Астанада емхананың қаржысы Италия сапарларына жұмсалған

Азиз Қалижан Редактор
08.04.2026, 19:00
272
675 млн теңге: Астанада емхананың қаржысы Италия сапарларына жұмсалған Depositphotos.com

Тергеу нұсқасына сәйкес, қаражат туыстардың есепшоттары арқылы қолды болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы емханалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокуратура мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 675 миллион теңгеден астам қаржының заңсыз шығарылғаны анықталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, медициналық мекеменің бұрынғы басшылығы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге бөлінген қаражатты жүйелі түрде қолды еткен. Қаржы жақын туыстар мен аффилирленген тұлғалардың есепшоттарына аударылып, заңды операциялар ретінде бүркемеленген.

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника алуға және Италияға туристік сапарларға жұмсалғаны айтылып отыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі ұрлық фактісімен іс қозғалды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған ұқсас іс биыл қаңтар айында да тіркелген болатын. Ол кезде екі жекеменшік клиниканың басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 682 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, жүйеге шын мәнінде қызмет алмаған науқастар туралы жалған деректер енгізіліп отырған. Күдіктінің мүлкіне сол кезде тыйым салынған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды