Астанада оқушылардың химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды

01.05.2023, 14:44
571
Астанада оқушылардың химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды t.me/oqu_agartu

Елордада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олимпиадаға 20-дан астам елден оқушылар қатысады. Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар бар. Команда құрамалары бұған дейінгі ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Қазақстанның намысын бұл додада 15 оқушы қорғайды.

«Балалар арасындағы химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы елімізде осымен төртінші рет өткізілуде. Бұл жылы негізгі іс-шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімдерін техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салатын болады» - дейді «Дарын» РНПЦ директоры Гаждембек Тұрсынов.

Олимпиада алты күнге созылады және үш кезеңнен тұрады: екеуі теориялық және біреуі тәжірибе жүзінде. Бірінші кезең тапсырмалары күрделілігі бойынша арнайыландырылған химия сыныптарының бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның бес бөлімі бойынша жоғарырақ деңгейдегі тапсырмалар беріледі: органикалық, органикалық емес, аналитика және физикалық химия, сондай-ақ, тірілер туралы ғылым. Бес сағаттық тәжірибелік кезең оқушылардың химиялық зертханаларда жұмыс жасау дағдысын сарапқа салады: заттардың химиялық сараптамасын жүргізу және ұсынылған әдістеме бойынша синтез жасау.

Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталды. Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы тапсырылады.

Атап өту керек, олимпиаданың ашылу мен жабылу салтанаты Youtube арнасындағы ресми парақшаларда тікелей эфирде жүргізіледі.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады