319

Мейіржан Төребаев түрмеден шыққаннан кейін алғашқы өнерін тойда көрсетті (ВИДЕО)

Блогер Мейіржан Төребаев қонақтарды биімен қуантты.

Мейіржан Төребаев түрмеден шыққаннан кейін алғашқы өнерін тойда көрсетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 наурызда босатылған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан видеода той ортасында өнер көрсетіп, қонақтарды қуантты.

Видеода Төребаев сахна ортасына шығып, музыкаға еніп, табиғи әрі шынайы билеп жүргені көрінеді. Оның позитивті энергиясы бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды.

Әлеуметтік желі қолданушылары вайнердің харизмасы мен ашық мінезін жоғары бағалап, жылы пікірлер жазуда. Көпшілік оны «кез келген тойдың басты сәні», «көрерменді қызықтыратын шоу ұйымдастыра білетін вайнер», «күшті энергетикасы бар адам» деп сипаттайды.

Қысқа уақыт ішінде видео мыңдаған қаралым жинап, кеңінен таралды. Еске сала кетейік, Мейіржан Төребаев бұрынғы қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған блогер ретінде танымал болған, бірақ 22 наурызда бостандыққа шыққан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор