509

«Мазақ қылды»: Ескерткішпен сүйіскен турист қыз айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Турист қыз тарихи нысан аумағында ескерткішті бірнеше рет сүйіп, оны желіге жариялаған.

«Мазақ қылды»: Ескерткішпен сүйіскен турист қыз айыппұл арқалады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Хива қаласында 25 жастағы турист қыз ескерткішті сүйгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл арқалады. Бұл туралы жергілікті сот шешіміне сілтеме жасалып хабарланды.

Оқиға «Ичан-қала» тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында, Жұма мешіті маңында болған. Турист қыз ескерткішті сүйіп, оны видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жариялаған.

Сот бұл әрекетті мәдени мұраға құрметсіздік деп танып, Өзбекстанның әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің тиісті бабы бойынша жауапкершілік жүктеді.

Сот отырысында қыз өз кінәсін мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін айтқан. Сондай-ақ ол өзінің жүкті екенін алға тартқан.

Нәтижесінде сот оған 2 млн 60 мың сум (шамамен 85–90 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Әлеуметтік желіде бейнежазба кеңінен тарап, өзбекстандықтар турист бұл қылығымен елдің тарихи мұрасын мазақ қылды деп айыптады. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор