537

Зайсанда 21 жастағы жігітті ту сыртынан атып кетті

Екі ер адам жас жігітті өлтірмек болды.

Зайсанда 21 жастағы жігітті ту сыртынан атып кетті
@egovpress

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында түнгі уақытта атыс болып, салдарынан 2005 жылы туған жас жігіт ауыр жарақат алды. Бұл туралы ресми дереккөздерге сүйеніп хабарланды.

Оқиға кезінде жәбірленуші арқасынан оқ тиіп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Қылмысты жасаған күдіктілер оқиға орнынан көлікпен қашып кеткенімен, полиция оларды жедел түрде ізі суымай ұстап үлгерген.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 сәуір күні аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті екі адам анықталып, ұсталды. Қолданылған қару тәркіленіп, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор