344

Алматыда курьер баланың арбасына дәрет сындырып кеткен (ВИДЕО)

Chocofood компаниясы курьердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Алматыда курьер баланың арбасына дәрет сындырып кеткен (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде курьер баланың арбасына дәрет сындырып кеткен. Бұл оқиғаны Threads желісінде қала тұрғыны бөліскен.

Аталмыш тұрғынның айтуынша, курьер тамақты көрші үйге жеткізгеннен кейін баланың бесік арбасына дәрет сындырып кеткен. Кінәлі адамның әрекетіне қарсы тұрғын полицияға арыз жазып, тиісті жазаны қолдануды сұраған.

«Арбаны қанша жусам да жағымсыз иіс кетпей қойды. Мұндай адамдар курьер болып жұмыс істемеуі керек. Тамақты лас қолымен жеткізуге жол берілмейді», – деп жазды тұрғын.

Полиция аталған факті бойынша тексеріс жүргізгенін хабарлады.

«Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оған құқықтық баға беріліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық ортада мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.

Кейін Алматы тұрғыны Chocofood компаниясының курьердің енді қызмет істемейтінін, сондай-ақ бесік арбасының ақшасын толық өтегенін жеткізді.

«Бүгін Chocofood компаниясы хабарласып, курьердің жұмыстан шығарылғанын айтты. Сонымен қатар компания өкілдері кешірім сұрап, бесік арбасының ақшасын толық өтеді. Алғысымды білдіремін, ертең жаңа арба сатып аламын», – деді тұрғын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор