210

Маңғыстауда өзбек блогері Каспий теңізіне көлікпен жүргені үшін айыппұл арқалады

Әлеуметтік желі қолданушылары блогерді жауапқа тартуды талап еткен.

Маңғыстауда өзбек блогері Каспий теңізіне көлікпен жүргені үшін айыппұл арқалады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында өзбек блогері Шеф Абузар (шын аты — Илхомжон Йолчиев) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Бозжыра шатқалына барған кезде Jeep көлігімен Каспий теңізінің акваториясына кіріп, жағалау сызығын зақымдаған.

Блогер видеоны түсіру барысында теңізге кіріп, экологиялық нормаларды бұзған. Полиция хабарлауынша, оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы — «Қала мен елді мекендердің абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша қарастырылған.

Құқық қорғау органдары осындай әрекеттер қоршаған ортаға зиян келтіретінін және заң бойынша тыйым салынғанын ескертті.

Әлеуметтік желі қолданушылары блогердің әрекетін сынға алып, оны қоршаған ортаға зиян келтірді деп есептеді. Көптеген пікірлерде блогерді заң аясында жауапқа тартуды талап етті.

Материал авторы